Қазақстанның қасиетті географиясы 3D картасы

Қазақстанның қасиетті географиясы 3D картасы

«Қазақстанның қасиетті географиясы» интерактивті және өңірлік нысандар бойынша көпфункциялы виртуалды 3D картасы Елбасының 2017 жылы сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жасалған.
«Қазақстанның қасиетті географиясы» әлеуметтік жобасының 3D картасына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы зерттеп бекіткен республикалық маңызды киелі нысандар енген. 3D карта web портал түрінде жасалған.
3D карта сайтында Қазақстан картасы бейнеленіп, онда әр өңірдегі киелі нысандар саны көрсетілген. Порталдың басты ерекшелігі киелі нысандардың толыққанды 3D суреттерімен қамтылуы.
Порталда жалпыұлттық тізімге енген нысандардың тізбесі, тиесілі аңыз-әңгімелер мен мәдени және рухани мұрасы, тарихи маңызы қамтылған. Сонымен қатар, порталға UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген қазақстандық құндылықтар да енген.
http://sacredkazakhstan.com ; http://sacredkazakhstan.kz ; http://qasiettiqazaqstan.kz домендері арқылы кіруге болатын 3D картада киелі нысандардың координаттары Google карта арқылы бейнеленген.
Портал қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде ақпаратпен қамтылған. Сондай-ақ, болашақта қосымша тілдерді енгізу қарастырылған.
3D картаның мақсаты бірінші кезекте ел іші ғана емес шетелден келетін туристер үшін қолжетімді ақпарат кеңістігін қалыптастыра отырып, насихатын арттыру және туристердің зиярат ету нысанына айналдыру. Екіншіден, жас буынның терең тарихи-мәдени білім алып, ұлттық рухын нығайтуын, таным-түсінігін кеңейтуін көздейді.
Ұлт тарихының аса көрнекті тарихи ғимараттары, табиғат жауһарлары, діни сәулет ғимараттары, елді мекендер, қорғандар, қорымдар, ғибадатханалар, археологиялық ескерткіштерді қоса алған киелі жерлер халықтың ұзақ және өркениетті оқиғаларға толы өмірін, халықтың тұрмысын, тәуелсіздікке деген күресін көрсетеді.
«Қазақстанның қасиетті географиясы» виртуалды 3D картасы алдағы уақытта пайдалы ақпараттармен жалғасты толтырылып, кемелдендірле түспек.

 

Қосымша: сайтта пайдаланылған фото және видео материалдың кейбірі интернеттегі ашық дереккөздерден алынды. Сондай-ақ, Google Street View қызметіне жарияланған контенттердің де кейбірін авторлардың рұқсатынсыз пайдаландық. Себебі, Google өзінің барлық қызмет түрлеріндегі ашық контентте авторларға жариялауға жарамды мазмұнының кез-келген Google іздеу және карталарын пайдаланушыларға көрінетінін ескерткен. Үшінші тарапқа пайдалануға шектеу қоймаған.

"Жарияланған мазмұн, сондай-ақ атыңыз бен профиль фотосуретіңіз Google виджеттерін немесе Google Maps Platform API пайдаланатын үшінші тарап сайттарында пайда болуы мүмкін."

Коммерциялық емес жобамызда туындылары пайдаланылған барша жасапмаз жандарға алғысымызды білдіреміз!