2014 жылдың 27 қарашасында UNESCO-ның ресми сайты Адамзаттың материалдық емес мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың дәстүрлі домбырамен орындалатын күйлерін орындау өнері енді.
"Домбырамен орындалатын күйлерін орындау өнері қазақ халқының ынтымақтастық жолында маңызды рөлін атқарып, халықтағы өзіндік ерекшелік және бірлік сезімдерін қалыптастырады", - делінген Комитет отырысында.
Күй - музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй - қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. Махмұт Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Қазақ домбырасын насихаттау мақсатында 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан президенті жарлықпен жыл сайынғы шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні етіп айқындаған.