Таңбалы археологиялық петроглифтері UNESCO Әлемдік мұралар тізіміне 2004 жылы енген. Бұл кешен Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.
Таңбалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 шақырымда, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Петроглифтер мерзімі біздің заманымызға дейінгі ХIY ғасыр, біздің заманымыздағы YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 пен 10 шақырым аумақты алып жатыр. Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглиф бар, жалпы Таңбалыда 5 000 суреттей бар.