1. 首页
  2. 服务项目
  3. Қазақ тілі
  4. Қазақ тілі: видео сабақтар

BASTAU LINE · Қазақ тілін бірге үйренейік

Қазақ тілі: видео сабақтар

Қазақ тілін қарапайым қадамдармен үйреніңіз. Сабақтар үш бағытқа бөлінеді: әліпби мен дыбыстар, күнделікті сөйлесу және ҚАЗТЕСТ-ке дайындық. Видео сабақтар дайын болған сайын осы бөлімге ретімен қосылады.

Оқу деңгейіңіз бен ыңғайлы уақытыңызды бірге анықтаймыз.

Оқу бағыттары

Өзіңізге қажетті бағытты таңдаңыз

Төмендегі сабақ карточкасын таңдаңыз. Видео WeChat-та ашылады.

01 · Бастау

Әліпби және дыбыстар

Кирилл әріптерін танып, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттығамыз. Төте жазудан кирилл жазуына көшуге де көңіл бөлінеді.

02 · Сөйлесу

Күнделікті сөйлесу

Сәлемдесу, танысу, дүкенде, көлікте және қызмет көрсету орындарында сөйлесуге қажетті сөздер мен тіркестер.

03 · Дайындық

ҚАЗТЕСТ-ке дайындық

Тыңдалым, оқылым және тілдік құрылымдарды меңгеруге арналған жаттығулар. Білімді сайттағы байқау тестімен бекітуге болады.

Әліпби және дыбыстар

Видео сабақтар