Астананың орталығындағы «Бәйтерек» монументі — тәуелсіз қазақ елінің, халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің символы. Нысан 97 метр биіктікте орналасқан: бұл 1997 жылы жаңа елорданың жариялануын білдіреді.
Монументтің басты идеясы — Әлем ағашы. Жоғарғы бөлігіндегі «Бата» композициясында 2003 жылы Астанада жиналған әлемдік діни конфессия жетекшілерінің батасы қамтылған.
