Бекет Мырзағұлұлы (1750–1813) — қазақ халқының ірі діни қайраткері, ағартушы, батыр. Маңғыстау, Атырау, Үстірт өңірлерінде бала оқытатын жерасты мешіттерін қашап жасаған сәулетші-шебер.
Оғыландыдағы жерасты мешітінде ол сопылық мектептің негізін қалады. Бүгінде бұл жер адамдарға рухани азық беретін, адасқанға жол көрсететін киелі орын ретінде танымал.
