Кенесары хан үңгірі
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Ақмола облысы
Киелі орынАқмола облысы

Кенесары хан үңгірі

Үңгір Көкшетау қыратының гранитті сілемінің үгілуінен пайда болған және ол аласа шоқының үстінде жатыр. Үңгірге кіре берістегі қуыстың биіктігі 3 метрдей. Ол екі бөліктен тұрады. Оларды бір-бірімен тар қуыс жалғастырады. Екінші бөліктен сыртқа шығатын ауыз бар.

53°04′ с.е. · 70°15′ ш.б.

Кенесары хан үңгірі Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Бурабай көлінен оңтүстік-батысқа қарай 0,5 шақырым жерінде орналасқан. Аңыз бойынша, үңгірді мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841-1847), Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы (1802-1847) казак әскерлерін бақылау үшін пайдаланған.

Үңгір Көкшетау қыратының гранитті сілемінің үгілуінен пайда болған және ол аласа шоқының үстінде жатыр. Үңгірге кіре берістегі қуыстың биіктігі 3 метрдей. Ол екі бөліктен тұрады. Оларды бір-бірімен тар қуыс жалғастырады. Екінші бөліктен сыртқа шығатын ауыз бар.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –366-367-бб.