РАБИЯ СҰЛТАН БЕГІМ КЕСЕНЕСІ

РАБИЯ СҰЛТАН БЕГІМ КЕСЕНЕСІ

Рабия Сұлтан бегім кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші (XV ғ.). Қожа Ахмет Яса­уи кесенесінің Оңтүстік-шығысында, 60 м жер­де. Әмір Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның әйелі, белгілі хандар Көкенші мен Сүйініштің анасы Рабия Сұлтан бегімге ар­найы салдырылған. Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде жерасты қабірханаға кіретін есік бар. Қабірхана сыланып, боялған. Онда терімен қап­талған ағаш табыттар қойылған. Рабия Сұлтан бегімнің табытында «бұл құдыретті Әмір Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құ­дыретті, ұлы сұлтан Ұлықбек Гураганның қызы, ақсүйек, (құдай) кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жасанды Рабия Сұлтан бегімнің тыныштық та­уып жатқан жері» деген жолдар бар.

Рабия сұлтан бегім шамамен 1430–1495 жылдары өмір сүрген. Самарқан қаласында өсіп, жан-жақты білім алған. 1451 жылы Әмір Темірдің немересі Әбу Саид Самарқанды жау­лап алғанда Әбілқайыр ханға көрсеткен әске­ри көмегі үшін Ұлықбектің қызы Рәбия сұлтан бегімді ұзатқан. Әбілқайырмен 16 жыл отасып, 1468 жылы қайтыс болғанда, Әбілқайырдан Сүйініш жане Кішкене деген 2 ұл табады. Рабия сұлтан бегім кезінде мемлекеттік істерді басқа­руға қатысқан санаулы мұсылман әйелдерінің бірі болды. Тарихта белгілі Көшкінші және Сүйініш қожа хандардың анасы. 1495-1510 жылы баласы Көшкінші ханның пәрменімен оның ба­сына кесене тұрғызылған.

Сілтеме: Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –209-б.