Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістандағы ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны. Кесене XIV ғасырдың соңында Әмір Темірдің бұйрығымен ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің бейітінің үстіне салынған.
Кесене 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енді. Көк күмбезді зәулім ғимарат ғасырлар бойы Орталық Азия халықтары үшін киелі зиярат орны болып келеді.
