Берел қорымы Катонқарағай ауданы Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7–8 шақырым жерде орналасқан. Ең ерте обалар б.з.д. IV–III ғасырларға, кейінгілері көне түркі дәуіріне жатады.
Үлкен обалардағы тоңның нәтижесінде киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған. Қорымды 1865 жылы В. Радлов, 1998 жылдан бері З. Самашев зерттеп келеді.
