Мұзтау
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Шығыс Қазақстан облысы
ТабиғатШығыс Қазақстан облысы

Мұзтау

Алтай тау жүйесінің Ресей мен Қазақстан жеріндегі ең биік мұздықты шыңы. Қазақтар оны Ақсүмбі, Ақтайқы деп атаған.

49°48′ с.е. · 86°35′ ш.б.

Биіктігі
4 506 м
Мұздық саны
162
Жасы
1,5 млн жыл
Аудан
Катонқарағай

Мұзтау — Алтай тау жүйесінің Ресей және Қазақстан жеріндегі ең биік мұздықты шыңы (4 506 м). Қатын жотасының шығыс жағында, Қазақстан мен Алтай өлкесінің шекарасы маңында жатыр.

Ұшар басында Үлкен және Кіші Берел, Меңсу мұздықтары бар; бұлардан Қатынсу өзені бастау алады. Мұзтаумен жалғасатын өзен бассейндерінде 146 шаршы шақырымды алып жатқан 162 мұздық бар.

Алтайлықтар Мұзтауды «Құдайдың мекені», «Ұлы қария» деп еркелетеді. Тауды басынан аяғына дейін мәңгі қар басып жатқандықтан осылай аталған болар.