Қазақтар «Аспантау» дейтін Тянь-Шань тауының биік шыңдарының бірі — Хан Тәңірі. Оның оңтүстік-шығыс жағы Қазақстанға, шығыс жағы Қытайға, батыс жағы Қырғызстанға қарасты.
Ең биік нүктесі 7 000 метрден асатын бұл шың әлемдегі ең әдемі шыңдар қатарына жатады. 1960 жылға дейін жергілікті тұрғындар тілінде Хантеңгір деп аталып келген.
Үшкір төртқырлы пирамида тәрізді шыңның мәрмәр қабырғасы алыстан көз тартады. Шыңға Оңтүстік және Солтүстік Иныльчек мұздықтары арқылы шығады.
