Шарын шатқалы
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Алматы облысы
ТабиғатАлматы облысы

Шарын шатқалы

Қазақстанның ең көрікті мекендерінің бірі — жергілікті халық оны «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды.

43°21′ с.е. · 79°05′ ш.б.

Алматыдан
195 км
Ұзындығы
200 км
Жартас биіктігі
150–300 м
Қолайлы уақыт
сәуір–қазан

Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым жерде орналасқан. Ұзындығы 200 км, ал тас сілемдердің биіктігі 150 метрден 300 метрге дейін жетеді. Туристердің қызығушылығын оятқан «Мұнаралар аңғарының» ұзындығы — 2 км, ені — 20–80 м.

Шарынды Америкадағы Үлкен шатқалдың інісі деп салыстырады. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегі қаласын еске түсіреді: пішіндері қолдан салынған ғимарат пен мұнараларға қатты ұқсайды.

Жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуірінде құс пен жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады. Шатқалдың төменгі бөлігінде бөріқарақат пен тораңғы терегі өседі.