Сұлтан епе жерасты мешіті
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Маңғыстау облысы
Киелі орынМаңғыстау облысы

Сұлтан епе жерасты мешіті

Зерттеулерге қарағанда, Сұлтан епеXIII-XIVөмір сүрген. Шын аты Күбби – Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті,Хакім атаның (Сүлеймен Бақырғани) баласы.

44°28′ с.е. · 51°00′ ш.б.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 30 шақырым қашықтықта солтүстік-батыс бағытта, Сарытас шығанағына таяу, сай жиегіне орналасқан. Сұлтан епе жерасты мешіті қорымы Х-ХIХ ғғ. мерзімделеді.

Зерттеулерге қарағанда, Сұлтан епеXIII-XIVөмір сүрген. Шын аты Күбби – Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті,Хакім атаның (Сүлеймен Бақырғани) баласы.

Жердің тастақ қабатынан ойып жасалған мешіт бірнеше камералық бөлшектерден тұрады. Сұлтан үпі сайы мен құдығы да назар аударарлықтай. Жардан 6 метр жерден ойып салынған құдықтың таза, салқын және өте дәмді суы бар. Аңыз-әңгіме бойынша, Сұлтан епе адамзатты су апатынан құтқарушы. Адамдар «Сұлтан епе, сақтай гөр су апатынан» деп жалбарынған. Өлген жануарды тері мен сүйектен қайтадан тірілткен.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –234-236-бб.