Тақсай кешені
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Батыс Қазақстан облысы
Тарихи орынБатыс Қазақстан облысы

Тақсай кешені

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы 2012 жылы археологиялық барлау жұмыстарын жүргізілген кезде бес Тақсай қорған кешені табылды.

51°09′ с.е. · 52°01′ ш.б.

Кешен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долинный ауылдық округі аумағында орналасқан. Хронологиялық мерзімі: б.д.д. VІ-V ғғ.

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы 2012 жылы археологиялық барлау жұмыстарын жүргізілген кезде бес Тақсай қорған кешені табылды. Тақсай-І қорған кешенінің № 6 обасынан ақсүйек әйелдің жерленген орны ашылды. Қабірде әйел адамның алтын әшекей бұйымдары, киімінің жапсырмалы әшекейлері, ерекше шошақ төбелі бас киім қалдығы, соғыс көрінісі бейнеленген тарақша, салт-жоралғылар жасайтын заттар, тұрмыстық бұйымдар табылды.

Тақсай қорған кешенінен табылған «Алтын ханшайымды» қалпына келтіру ісімен қазақстандық ғалым-реставратор Қырым Алтынбек бастаған мамандар айналысты. Бұл орыннан табылған материалдар мен жерлеу элементерінің конструкциясы, салт-жоралғы заттар, екі күзетшінің жерленуі әйел адамның ерекше мәртебеге ие болғанын және қоғамдағы жағдайы жоғары болғанын көрсетті. Солардың ішінде сирек ұшырасатын ғажайып тарақ – «Тақсай тарағы». Бұл жасалған мерзімі және сонау ежелгі адамдар бейнеленген көрінісі жағынан өте сирек кездесетін жәдігер болып табылады. Тарақта б.д.д. І мың жылдықтағы ірі тарихи оқиғалардың бірі, яғни Иранның ахеменидтері мен дала көшпенділері арасындағы екі дүниенің тартысы бейнеленген болуы керек.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –85-87 бб.