Жасыбай Өмірұлының жерленген жері
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Павлодар облысы
Киелі орынПавлодар облысы

Жасыбай Өмірұлының жерленген жері

Әкесі Өмір от ауызды, орақ тілді шешен, анасы – қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы болған.

50°50′ с.е. · 75°34′ ш.б.

Жасыбай батыр Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасында жерленген. Жасыбай батыр Өмірұлы (шамаман 1716-1741)- жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың әйгілі батыры. Жауырыншы, құралайды көзге атқан мерген. Әкесі Өмір от ауызды, орақ тілді шешен, анасы – қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы болған.

Батыр жөнінде орыс ғалымы Н.Коншиннің жазбаларында, халық шежірелерінде, аңыз-әңгімелерде, батырдың өзіне арналып шығарылған «Ер Жасыбай» жыр-дастанында біраз мағлұматтар берілген. Соларға қарағанда, ол Олжабайдың жиені ғана емес, жауға бірге шапқан серігі, жақын досы болған. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан былай дейді: «1741 жылы Баянауылда болған шайқаста Олжабай, Жасыбай жасақтары жоңғарларды талқандайды. Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжабай қалмақтарды тегісімен жойған бір тау «Қалмаққырған» атанады».

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:Фолиант, 2017. –331-334-бб.