Бәйдібек би кесенесі
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Түркістан облысы
Киелі орынТүркістан облысы

Бәйдібек би кесенесі

Қарашаұлы Бәйдібек (шамамен 1356-1419) Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ұрпақтарының айтуынша, туған жері Ташкент. Қаратау өлкесінде өмір сүрген. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.

42°59′ с.е. · 69°55′ ш.б.

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата ауылының аймағында орналасқан. Бәйдібек би кесенесі 1996 жылы Балабөген өзенінің биік жағалауында Қарахан дәуірі үлгісінде сақталған көне мазар күмбезінің орнына, жаңа үлгіде қайта салынды.

Қарашаұлы Бәйдібек (шамамен 1356-1419) Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ұрпақтарының айтуынша, туған жері Ташкент. Қаратау өлкесінде өмір сүрген. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға болған. Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша, Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібек би жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ұлы жүзге ұйытқы, ел болып ұйысуына ықпал еткен.Оның өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректемелер негізгі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз-әңгіме және әйгілі Шығыс зерттеушісі ғалым-этнограф Николай Аристов, Шоқан Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –191-192 бб.