Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрлыс ауылынан оңтүстікке қарай 35 шақырым жерде. Шамамен X-XII ғғ. сақталған сәулет өнері ескерткіші.Бегім ана мұнарасы – адалдық пен әділдіктің символы.
Бегім ана мұнарасы қам кесектен тұрғызылып, шаршы пішінді күйдірілген кірпішпен қапталған. Мұнара сегіз қырлы призма іспетті күмбезбен жабылған, еніне қарағанда биіктігі бірнеше есе артық мөлшерде тік құбыр түрінде тұрғызылған нысан. Тарихта болған адам, деректерде ХІ ғ. өмір сүрген делінеді. Ол оғыз-қыпшақ заманындағы әрі батыр, әрі діндар болған Қарабура әулиенің қызы. Бегім ана Селжұқ мемлекетінің ханы Санжар сұлтанның әйелі.
Ел аузында «Бегім ана туралы аңыз» кең тарап, көптеген шығармалар мен дастандарға арқау болғаны белгілі. Бегім ана мұнарасы аңызға арқау ғана емес, тарихтан хабар беретін әрі аңыз желісіне айтылатын бірден-бір сәулет ескерткіші.
Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –170-172 бб.
