Есік қорғандары — Іле Алатауының етегіндегі сақ патшаларының қорымы. 1969 жылы осындағы обалардың бірінен алтын киімді жауынгердің сүйегі — әйгілі «Алтын адам» табылды.
Бүгінде «Алтын адам» Қазақстанның тәуелсіздік монументінің басында тұр, ал қорғандар маңында ашық аспан астындағы мұражай жұмыс істейді.
