Ибраһим ата кесенесі
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Түркістан облысы
Киелі орынТүркістан облысы

Ибраһим ата кесенесі

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, биік төбеде Ақсу ауылына баратын жолдың бойында орналасқан.

42°19′ с.е. · 69°47′ ш.б.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылының солтүстік-батыс шетінде, биік төбеде Ақсу ауылына баратын жолдың бойында орналасқан.

Күмбез Оңтүстік Қазақстан жерінде сопылық ілімді таратқан, әулиелік, бақсылық қасиеттерімен халыққа танымал тұлға, ҚожаАхмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаның қабірі үстіне салынған. Діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, әрі табысты жер өңдеуші еді. Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді. Алғашында кесене XVI-XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта тұрғызылды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлап, қайта қалпына келтірілген. Кесене күйдірілген кірпіштен қаланып, оған ішінара сылақ жүргізілген. Әктелген, әлденеше рет қайта салынып, жөндеу жұмыстарын көрген. Бастапқы күмбезі бұзылған соң оның орнына ХХ ғасырдың басында табақ темірден төрт жағына тайқы шатыр орнатылып, ортасына шошақ күмбез салынған. Ғимарат бір орын-жайы бар екі деңгейлі болып келеді. Оңтүстік жағында кіреберіс, батыс жағында ағаш жақтаулы терезе орналасқан. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Күйдірілген қыштан салынған Қазақстан мәдениеті мен тарихының архитектуралық ескерткіші болып саналатын Ибраһим ата кесенесі сәулет өнерінің ерекше туындысы.

Деректерге қарағанда Ибраһим ата XII ғасырда Яссыда негізі қаланған сопылық қоғамдастықтың алғашқы жетекшісі болған.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –184-186 бб.