Қарабура кесенесі
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Түркістан облысы
Киелі орынТүркістан облысы

Қарабура кесенесі

Қарабура кесенесі Оңтүстік Қазақстан болысы Созақ ауданы, Созақ ауылының орталық бөлігінде орналасқан.

44°08′ с.е. · 68°28′ ш.б.

Қарабура кесенесі Оңтүстік Қазақстан болысы Созақ ауданы, Созақ ауылының орталық бөлігінде орналасқан.

Ауызша аңыздардан жеткені Қарабура – шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген оғыз-қыпшақ заманындағы діни қайраткер, әулие. Кіші жүздің Тама руынан шыққан. Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойында өмір сүрген. Қарабура сахара тұрғындарының арасында қалыптасқан өмірлік салттың шырқын бұзбай ислам дінін, оның наным-сенімдерін орнықтыруға атсалысқан. Ол сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауимен мүдделес болған. Қарабура аруағын иісі түркі жұрты құрмет тұтады. Оның Созақтағы кесенесі Орта Азия халықтары үшін киелі орынға айналған.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –264-266-бб.