Қорасан ата кесенесі
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Қызылорда облысы
Киелі орынҚызылорда облысы

Қорасан ата кесенесі

Бұл киелі жердің өзгелерден ерекшелігі, мұнда МеккедегіҚағбаның көшірмесі бар.Аңыз әңгімелерде Қорасан ата әр жұманамазын Мекеге ұшып барып намазын өтеп қайтады екен, сонда баласы Хусаин әкесіне: «Рұқсат етсеңіз, Меккедегі Кағбатілләні осында көшіріп әкелейін», – депті. Хорасан ата баласын сынау үшін рұқсат етіпті.

43°54′ с.е. · 67°15′ ш.б.

Қызылорда облысы Жаңақорған кентінен 15? шақырымдай жерде орналасқан.Хорасан ата шамамен ІХ ғ. өмір сүрген. Абд ал-Жалил баб Хорасан ата – «Насаб-нама» шежіресі бойынша, Али ибн Абу Талибтің (Әзірет Әлінің) ұлы Мұхаммед ал-Ханафияның бесінші ұрпағы. Қорасан ата түркі халықтарының исламды ұстануына ықпал еткен, данышпан, емші болған тұлға.

Бұл киелі жердің өзгелерден ерекшелігі, мұнда МеккедегіҚағбаның көшірмесі бар.Аңыз әңгімелерде Қорасан ата әр жұманамазын Мекеге ұшып барып намазын өтеп қайтады екен, сонда баласы Хусаин әкесіне: «Рұқсат етсеңіз, Меккедегі Кағбатілләні осында көшіріп әкелейін», – депті. Хорасан ата баласын сынау үшін рұқсат етіпті. Баласы айтқанындай, кілемге салып Қағбаны әкеледі. Қорасан ата баласының құдіреттілігіне сеніп, Қағбаны жерге қойғызбай, көлеңкесін сызып алады, кейінсол сызылған орынға құм үйіндісі жиналып, Қағба салынады. Ғимарат қажылық ғұрыптарына жаттығу мақсатында салынған және осы мақсатқа пайдаланылған. Жергілікті құрылыс материалдары ретінде саз балшықтан соғылған Қағба көшірмесінің ішіне кіретін есігі солтүстік шығыс тұсында. Ішіне кірген ғибадат етуші еденіне жай намаз төсемей-ақ, дүниенің төрт бұрышының кез келген бағытына намаз оқыса да, Меккедегі оқыған намаздың сауабын табады деседі.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –201-203 бб.