Сығанақ қалашығы
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Қызылорда облысы
Тарихи орынҚызылорда облысы

Сығанақ қалашығы

Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы «Худуд әл-Әлемде» кездеседі.Парсы саяхатшысы ибн Рузбихан Исфахани: «Сығанақ қаласы аймақтың солтүстік жағындағы жер жәннатының шеті» деп сипаттаған. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлылар тайпасының, ал ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақ мемлекетінің сауда және саясиорталығы болған.

44°02′ с.е. · 67°00′ ш.б.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық стансасының солтүстік-батыс жағында 10 км жерде орналасқан.Хронологиялық мерзімі: VI-ХVІІІғғ.

Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы «Худуд әл-Әлемде» кездеседі.Парсы саяхатшысы ибн Рузбихан Исфахани: «Сығанақ қаласы аймақтың солтүстік жағындағы жер жәннатының шеті» деп сипаттаған. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлылар тайпасының, ал ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақ мемлекетінің сауда және саясиорталығы болған. Сығанақ кезінде Дешті Қыпшақтың шекаралық сауда бекеті ретінде ғана емес, аумағының кеңдігімен, қауіпсіз әрі тыныш болуымен де даңқы шыққан. Медицинаның жақсы дамыған жері.

Қала өзінің 2000 жылға жуық тарихында қаңлылардың, қыпшақ хандығының (ХІ-ХІІ ғ.), Ақ Орданың (ХІІІ-ХІV ғғ.), Әбілхайыр хандығының (ХV ғ.), Қазақ хандығының (ХVІ ғ.) астанасы болды. Сауда қатынасының, мемлекет арасындағы экономикалық қатынас, саяси жүйе, төзімділік, хандық, ұлтаралық достастық және ұлттық бірегейліктің нышаны іспеттес бұл қаланың қазақ халқы үшін маңызы зор.

Сілтеме: 1.Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:Фолиант, 2017. –122-124 бб.

2.Қасиетті Қазақстан.