Ысмайл ата сәулет кешені
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Түркістан облысы
Киелі орынТүркістан облысы

Ысмайл ата сәулет кешені

Архитектуралық кешенге 2003 жылы реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Ысмайыл ата сәулет кешенінің жанында оның ұлы Ысқақ ата кесенесі бар.

41°46′ с.е. · 69°31′ ш.б.

Кешен Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында орналасқан. Архитектуралық кешенді ескерткіштер Ысмайыл ата кесенесі, Жебірейіл ата кесенесі, Қошқар ата, Ысқақ ата кесенесі секілді бірнеше кесенелерден және ортағасырлық мешіттен, сопы дәруіштердің шілдеханасынан, қақпадан тұрады. Соның ішіндегі ең ірісі – «Ысмайыл ата» архитектуралық сәулет кешені.

Ысмайыл ата Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген сопылық исламды насихаттаған әулие кісі болған екен. Ысмайыл ата Ахмет Ясауидің немере інісі болып келеді. Кесененің алғашқы салынған мерзімі ХІ ғасырға жатады. ХІV-ХV ғасырлардағы Тимуридтер династиясының заманында кесене қайта тұрғызылып, архитектуралық кешенге айналған.

Архитектуралық кешенге 2003 жылы реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Ысмайыл ата сәулет кешенінің жанында оның ұлы Ысқақ ата кесенесі бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы архитектуралық кешендегі белгісіз кесененің біреуі ХV ғасырда өмір сүрген, өзбек жазба әдебиетінің негізін салушы Науаидың ұстазы, сопылық ағымның ақыны – Мәулана Шейхзада Атаиге арнап салынған екен. Архитектуралық кешен 1976 жылы мемлекеттің қамқорлығына алынып, тарихи-мәдени ескерткіштер тізіліміне енгізілген. Көнеден жеткен деректер бойынша Ысмайыл атаның басына орнатылған кесенені Әмір Темір салдырған деседі. Оның қасында Жәбірейілдің кесенесі бар.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. Астана: Фолиант, 2017. –196-197-бб.