Жамбыл облысы Тараз қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде Талас өзенінің жағасындағы биік төбеде орналасқан. Кесене қасиетті сұлтан Махмұт (ХІV ғ.) хан бейітіне арнап салынған және осы жерде хан жерленген деп саналады.
Тектұрмас (лақап аты) – діндар емші, әулие тұлға. Ел арасына жайылған аңызда айтылады: жеті жасқа толғанда сопылық жолды ұстанған, үлкен дінбасы болған, атасы оны жер астында оқытады. Құранды жаттатады. Есейе келе ерекше жаратылысты жанның бойынан айрықша қабілет, ерен болмыстың барлығы байқалады. Ол алдымен емшілікпен айналысады. Оның алдына келген ауру-сырқаулы жапалы жандар дертіне дәру тауып, құлан-таза айығып кететін болған. Жалпақ жұрттың арасына кең жайылып, жазылуы қиын саналатын – жұқпалы өкпе ауруы (құрт), адам терісінің сыртына шығатын ала-құла алапес сияқтының жолын кесіп, жаза білген. Осылай текке отырып, текке жүрмей, тынымсыз дала кезіп, ел аралапем жасаған қайырымды жанды халық өз есімімен атамай «Тектұрмас әулие» деп атап кетеді. Тектұрмас әулие алдына келген ауру-сырқау адамдардың бәріне: «Дерт берген Алла дәрмен де береді, мен тек қана себепшімін» деп айтудан жалықпайды екен.
Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –250-252-бб.