ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

ТАРАЗ ҚАЛАШЫҒЫ
ТАРАЗ ҚАЛАШЫҒЫ
Талас өзені бойында бой көтерген көне қалалардың бірі. Ортағасырлық Тараз қаласы Қазақстан тарихындағы ірі саяси, мәдени, сауда, әкімшілік орталығы болған. Қала өзінің 2100 жылдық тарихында: Далоос, Далосэ, Тараз, Янги-Тараз, Әулие Ата, Мирзоян, Жамбыл, Тараз деп атауларын бірнеше мәрте өзгертті.
303
АҚЫРТАС ҚАЛАШЫҒЫ
АҚЫРТАС ҚАЛАШЫҒЫ
Ақыртас – толық аяқталмаған, ортағасырлық сарайы кешені. Сарай кешені 70-ке жуық бөлмелер мен 15 колонналы галереядан тұрады. Кешен үлкен бітеу өңдеген тастардан тұрғызылған. Археологиялық және ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде Ақыртас маңынан бірнеше нысандар табылды: керуен-сарай кешені және монументальды құрылыс.
415
БАБАДЖА ХАТУН КЕСЕНЕСІ
БАБАДЖА ХАТУН КЕСЕНЕСІ
Кесененің шаршы тұрпаттас пішіні бар, қабырғалардың қалыңдығы 1,23 метрге жетеді. Ашық күйдірілген кірпіштен қаланған. Бабаджа-Хатун кесенесінің сәулеттік композициясы қарапайым, әрі безендірулері аз.
872
АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ
АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ
Аңыз бойынша, Айша бибі XI ғасырдыңтанымал ғалымы, ақын Хәкім Сүлеймен Бақырғанидың қызы болған. Ол өмірден озғаннан кейін Айша Айқожы шейхтің тәрбиесінде болды. Айша бибі жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатып екеуі қосылуға уағдаласады. Елін, жерін қорғаумен жүрген Қарахан уағдаласқан уақытында Айшаға баруға мүмкіндігі болмайды.
955
ҚАРАХАН КЕСЕНЕСІ
ҚАРАХАН КЕСЕНЕСІ
Көк түріктер құрған Қарахан қағанатының (840-1212) ұйысуына негіз болған ру-тайпалар қаңлы, қарлұқ, шикіл, яғма, түркеш делінеді. Қарахандар әулеті қарлұқтардан шыққан. Қарлұқтарға қыпшақтан басқаның бәрі кірген. Қарлұқтар сахараға ислам дінін әкелді. Қарахан мемлекеті тұсында сопылық ілім қазақ сахарасында айрықша дами түсті, тақуалық жолға түсіп, жарық дүниеден баз кешкен сопы дәруіштер көбейген. Құлшылық етер жері тау болған.
738
ТЕКТҰРМАС КЕШЕНІ
ТЕКТҰРМАС КЕШЕНІ
Тектұрмас (лақап аты) – діндар емші, әулие тұлға. Ел арасына жайылған аңызда айтылады: жеті жасқа толғанда сопылық жолды ұстанған, үлкен дінбасы болған, атасы оны жер астында оқытады.
469
СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ
СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ
Алматы-Тараз-Бішкек тас жолының бойында орналасқан (XIX-XX ғғ.). Шағын күмбезді кесене күйдірілген қызыл кесектен өріліп, төбесі дулыға тәрізді күмбезбен жабылған.
781
МЕРКІ-ТҮРКІ ҒҰРЫПТЫҚ КЕШЕНІ
МЕРКІ-ТҮРКІ ҒҰРЫПТЫҚ КЕШЕНІ
Ежелгі түріктер заңғар көкті, жер мен суды тіршіліктің көзі деп білген.
247
ҚАРАҚОЖА МЕШІТІ
ҚАРАҚОЖА МЕШІТІ
Заманында Қарақожа мешітін салуға Жұпан ана ықпал еткен.
135
БАЙЗАҚ ДАТҚА КЕСЕНЕСІ
БАЙЗАҚ ДАТҚА КЕСЕНЕСІ
Байзақ Мәмбетұлы (1789-1864) – батыр, би, қазақ халқының қоқан әміршілеріне қарсы күрестің белсенді мүшесі.
407