АҚЫРТАС ҚАЛАШЫҒЫ

АҚЫРТАС ҚАЛАШЫҒЫ

Жамбыл облысыТұрар Рұсқұлов ауданы Ақшолақ теміржол стансасынан оңтүстікке қарай 6, Тараз қаласынан 45 шақырым қашықтықта  орналасқан. Хронологиялық мерзімі VIII-IX ғғ.

AKYRTAS TOWN

Ақыртас – толық аяқталмаған, ортағасырлық сарайы кешені. Сарай кешені 70-ке жуық бөлмелер мен 15 колонналы галереядан тұрады. Кешен үлкен бітеу өңдеген тастардан тұрғызылған. Археологиялық және ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде Ақыртас маңынан бірнеше нысандар табылды: керуен-сарай кешені және монументальды құрылыс.

 Ақыртастың құрылыстарын 1867 ж. ориенталист П.И. Лерх зерттеп,ол кешенді салынып бітпеген будда ғибадатханасы ал,1893 ж.зерттеген академик В.В. Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтты. В.А. Каллаур Ақыртасты Касрибасқа балады. А.А. Диваев, Алаңсор-Әліп деп аталып кеткен алып Аджа туралы аңызды жариялай отырып, онда ортағасырлық елдімекендер, оның ішінде Ақыртас та аталатынына назар аудара отырып, оның тарихи негізі бар екенін айтады.

Ақыртас кешені – күрделі құпияға толы нысан ретінде Египет кереметтері, Афины Акропольдары, Рим колизейі, Перудегі Майя сарайлары және Антикалық аңыздармен деңгейлес жатқан алып құрылыс деңгейінде бағалануда. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Ақыртас кешені 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің  Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38 сессиясы барысында Бүкіләлемдік Мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:Фолиант,  2017. –С. 127-130 бб.