Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында орналасқан Құнанбай қажы мешіті ағаштан қиып салынған діни ғимарат болып табылады. Мешіт құрылысы 1851 жылы басталып 1951 жылы салынып біткен. Кейінірек мешіт жанынан медресе, шәкірттер үшін жатақ, молдалар үйі бой көтереді.
Ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай қажы Өскенбайұлы (1804-1886)– би, балуан, аға сұлтан болған адам. Құнанбай өмірбаянында ел есінде көп сақталып, аңызға айналып келе жатқан істері – Қарқаралыға мешіт салдырғаны және қажылық жолымен Меккеге барған мұсылмандар үшін үй тұрғызуы.
Қарқаралыдағы Құнанбай Өскенбаевтың мешіті ағаштан жасалған екі қабатты ғимарат. Өкінішке орай, Құнанбай Өскенбаевтың мешіті біздің заманымызға бастапқы салынған қалпында жетпеді. Мешітті 1920 жылы бұзылып, ғимаратты кеңестік билік мектеп ретінде пайдаланды, одан кейін қоймаларға берілді, тіпті кейінірек бос жатты. 1980 жылдары Құнанбай мешіті толығымен қалпына келтірілді.
Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –284-286-бб.