ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ

ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ

Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Кесене Шыңғыс ханның ұлы,  Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы ханға арнап салынған.

Жошы хан (1187-1227) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет – Жошы ұлысының негізін қалаушы, Шыңғыс ханның төрт ұлдың үлкені Жошы Ертістен Орал тауларына дейінгі, одан әрі Батысқа қарай бағынған жерлердің бәрінде билік жүргізді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты (қ. Алтын Орда).

 

Мазарды зерттеуді Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.). 1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –245-248-бб.

Қасиетті Қазақстан.