ЯСCЫ (ТҮРКІСТАН, КҮЛТӨБЕ) ҚАЛАШЫҒЫ

ЯСCЫ (ТҮРКІСТАН, КҮЛТӨБЕ) ҚАЛАШЫҒЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан 170 км қашықтықта, Түркістан қаласының орталығында орналасқан.

Түркістан – 1500 жылдық тарихы бар, Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Түркістанның ежелгі атаулары Ясы – Түркістан, Күлтөбе V-VІ ғғ. қалыптасып,XVІ-ХVIIІ ғғ. Қазақ хандығыныңастанасына айналды.Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: «Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті», –  дейді. Түркiстан қалашығы орта ғасырларда қала сауда жолында ыңғайлы орналасқандықтан қарқынды гүлдену кезеңін өткереді. ХІІ ғасырда мұнда ақын, ойшыл, сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауи өмір сүріп, осы жерде дүниеден өтті.Қожа Ахмет Ясауи кесене салынған кейін Түркістан қаласы мұсылман қауымының қасиетті орны, әрі қазақ хандарының резиденциясы болды.Бүгінде қаланың тарихи орталығының аумағы 88,7 га құрайды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде кесене ғимаратына солтүстік-шығыстан жалғасқан және қамал қабырғаларымен шектелген қалашықтың бөлігі оның орталығы – қамалы болғаны анықталды.

2017 жылы Түркістан қаласы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланды.

Сілтеме: 1.Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:Фолиант,  2017. –113-117 бб.

2.Қасиетті Қазақстан.