Христос Спаситель шіркеуі
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Қызылорда облысы
Киелі орынҚызылорда облысы

Христос Спаситель шіркеуі

Осыған ұқсас шіркеулер Астраханьда және Ташкентте бар.

44°54′ с.е. · 65°19′ ш.б.

Христос Спаситель шіркеуі Қызылорда қаласында орналасқан. 1855 жылы Перовск қаласында христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, елеулі рөл атқарады. 1855 жылдың 13 қазанында алғашқы жылжымалы шіркеу халыққа қызмет етеді. Оның негізін салушы поп Л.Гороховский болды. Ал қала христиандары үшін тұрақты шіркеу 1863 жылы ашылады. Бұл шіркеу үйі 1868 жылғы болған қатты жауыннан құлап қалады. Сол жылы күйдірілген кірпіштен салынып, төбесі жабылған шіркеудің жаңа үйі пайдалануға беріледі. Христос Спаситель шіркеуі 1890 жылы салынып, 1896 жылы пайдалануға беріледі. Шіркеуде 250-300 адам еркін мінәжат ете алады.

XIX ғасырға тиесілі шіркеу – бүгінде христиан дінін ұстаушылардың бас қосатын орны. Шіркеу ғимараты крестті-күмбезді, екі бөліктен – мінәжат етуге арналған залдан және кіреберістен тұрады. Крест ұштары тең, кресттің кіруші бұрыштарында қосымша бөлмелер бар. Бұл крест тәрізді кеңістік биік (екі шырақты), орта кресті екі бөлікке бөлінген. Сегіз қырлы барабанда тұрған жарты циркульді аркалы сегіз тар терезе ойықтарымен кесілген. Крест жеңдері қасбеттерге сәйкес пішінді жасайтын жарты циркульді көрініске ие күмбезшелермен жабылған. Осы бөлшектердің үстіңгі жағында жартылай дөңгелек доғалармен жабылған жоғары пропорциялы үш бөлікті терезелер жасалған. Төменгі деңгейдегі қапталдық қасбеттерге қосымша кіреберіс ойықтары бар. Мінәжат ету алаңының есігі батыс жақтан жасалған. Бұл екі шырақтық, сегіз қырлы күмбез асты барабанындағы күмбезбен тәжделген. Бірінші деңгейде кіреберіс бөлігі, екіншіде күмбезасты барабанында орналасқан үш тереземен жарықталатын хорлар орналасқан. Ішкі кеңістік жиектік жолақпен екі деңгейге бөлінеді. Шіркеу кең тараған жобаның баламасы. Осыған ұқсас шіркеулер Астраханьда және Ташкентте бар.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –292-293-бб.