Никольский шіркеуі
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Түркістан облысы
Киелі орынТүркістан облысы

Никольский шіркеуі

Қазіргі уақытта собор ғимаратында Облыстық мемлекеттік қуыршақ театры орналастырылған.

42°19′ с.е. · 69°20′ ш.б.

Шіркеу Түркістан облысының орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Оның іргетасы Сырдария облысы басқармасы құрылыс бөлімінің кіші сәулетшісі И.А.Маркевичтің, құрлыстық шешім инженерлер Н.И.Ботвинкин және Р.П.Кочардың жобасы бойынша 1912 жылы қаланып, 1914 жылы салынып бітті.

Жобаның өзі, оның сәулеттік-көркемдік бөлігі, қысқа мерзім ішінде жоғары көркемдік деңгейде іске асырылады. Біздің уақытымызға дейін жеткен бірнеше жобалық сызбалар – соның айғағы. Жобаны Маркевич бекіту үшін Санкт-Петербург қаласындағы инженерлік комитеттің бас штабына жібереді. Басында, ол шығысында – жартылай дөңгелекті алтарь шоқысы (апсида), шығысында кең жабын (кіреберіс) жалғастырылған төрт бұрышты құрылыс еді. Кіші шіркеу мен шіркеу мұнарасын собор ғимаратымен біріктіретін кіші шіркеу мен галереяның жобаланған бастапқы нұсқасы салынбады, шіркеу мұнарасы кейіннен салынған сияқты.

Шымкенттегі собор, XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басындағы басқа православие ғибадатханалары секілді жобаланған, сондықтан сыртқы көрінісінің бөлшектеріне XVII ғасырдың ежелгі шіркеу сәулет өнерін қолданған және оны Маркевич қайта өңдеген. Қазіргі уақытта собор ғимаратында Облыстық мемлекеттік қуыршақ театры орналастырылған.

Сілтеме: Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –390-б.