Қарасай және Ағынтай батырлар кесенелері
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Солтүстік Қазақстан облысы
Киелі орынСолтүстік Қазақстан облысы

Қарасай және Ағынтай батырлар кесенелері

Қарасай мен Ағынтай қаһарман батырлар, әйгілі қолбасшылар, аса көрнекті тарихи тұлғалар.

Батырлардың кесенелері Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Мәдениет ауылының жанындағы Құлшынбай төбесінде орналасқан.

Кесене XVII ғасырда өмір сүрген, Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін жоңғар басқыншыларымен күрескен батырлар Қарасай Алтынайұлы (1589-1671) мен Ағынтай(шамамен1599-1672) жерленген жерге тұрғызылды.1999 жылыашылған мемориалдық ескерткіш екі әскери дулыға кесенеден және олардың арасында конус пішінді мешіттен тұрады. Оның жанында біріктірілген найзалар тұр. Кесенелер айналасында зират-қорым орналасқан.

Қарасай мен Ағынтай қаһарман батырлар, әйгілі қолбасшылар, аса көрнекті тарихи тұлғалар. Өмір сүрген замандары қазақ-жоңғар арасында соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезі еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орныққанына екі ғасырдың жүзі болған. Тегеуріні күшті қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, жеңіске жетіп отырған. Жауға қарсы шығудың жаңа тактикаларын, елді қорғаудың жаңа тәсілдерін көрсету арқылы мәртебелері өскен.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:Фолиант, 2017. –304-307-бб.