Абылай хан резиденциясы кешені
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Солтүстік Қазақстан облысы
Тарихи орынСолтүстік Қазақстан облысы

Абылай хан резиденциясы кешені

«Абылай хан резиденциясы» кешенінің Абылайдың үйі деп аталатыны туралы талас көп.

54°52′ с.е. · 69°07′ ш.б.

Абылай хан резиденциясы Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында орналасқан. «Абылай хан резиденциясы» кешенінің Абылайдың үйі деп аталатыны туралы талас көп.

1765 жылы салынған үй «хан резиденциясы» болып табылмаған, өйткені осы кезде Абылай тек сұлтан атағына ие болып жүрген. Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Есіл өзенінің қасында бір үй шын мәнінде салынған еді. Үй ағаштан салынған. Онда көптеген мемлекеттік, саяси мәселелер қаралған. Аңыз бойынша, бұл үй өртке ұшырап, кейін орнына 1829 жылы осы екі қабатты тас үй салынған.

2008 жылы ашылған Абылай хан резиденциясында XVIII ғасырдағы Қазақ Ордасының ханы, көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат тұлғасын ашып бейнелейтін жәдігерлер, диорама қойылған. Экспозиция орналасқанға дейін резиденция «Ақ үй», «Абылай ханның үйі», «Әскери лазарет» деп аталған.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –341-343-бб.