Ұлытау
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Қарағанды облысы
Киелі орынҚарағанды облысы

Ұлытау

Батыс Сарыарқаның ең биік нүктесі. Хандар ақ киізге көтерілген, Асан қайғы Жерұйық деп атаған өңір.

48°39′ с.е. · 66°56′ ш.б.

Өңір
Батыс Сарыарқа
Ең биік шың
Ақмешіт
Кесенелер
Жошы, Алаша хан
Облыс
Ұлытау

Ұлытау — Торғай қолатының оңтүстік-шығысы мен Бетпақдаланың солтүстік бөлігін алып жатыр. Бұл — батыс Сарыарқаның ең биік нүктесі ғана емес, оның «кіндігі», «әлем орталығы».

Бұл өңірде халқымыз сұлтандарын ақ киізге көтеріп, хан еткен. Осында Жошы, Алаша және Тоқтамыс хандар, батыр Едіге жерленген. Асан қайғы бұл жерді қазақ халқының өмір сүруіне ыңғайлы Жерұйық деп айтқан.