Жанкент қалашығы
  1. Басты бет
  2. Қазақстан
  3. Қызылорда облысы
Тарихи орынҚызылорда облысы

Жанкент қалашығы

Жанкент қаласы өзінің өмір сүрген уақытында екі рет (1153,1219 жж.) күйрейді.XІV ғ. қайта гүлдене бастайды. Бір ғасыр өткен соң Жанкентің қайнаған өмірі тоқтаған.

45°38′ с.е. · 61°55′ ш.б.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Хронологиялық мерзімі: VII-ХIVғғ.

Оғыз тайпаларының Сырдария жағасындағы ең атақты қалаларының бірі. Қазақ мемлекеттігін орнықтыруда із қалдырған қала.Жазба деректерде Жанкент (Янгикент- Жаңа қала) алғаш рет араб тарихшысы Ибн-Рүстемнің еңбегінде аталады. Араб географы Ибн-Хаукал «Оғыздардың басты қаласы Жанкент болды, оны ирандықтар Нау-Керде, арабтар Әл-Харият, сарматтар Дахи Нау деп атаған» -дейді.

Қаланың гүлдену дәуірі ІХ ғасырдың ІІ-жартысы мен ХІ ғасырдың алғашқы ширегі Жанкент шаһары – аумағы 15-20 гектар, егіншілігі, саудасы мықтап өркендеген қала болды. Қала маңындағы суландыру жүйесі егіншіліктің шаруашылықтағы негізгі басты саласы болғандығын дәлелдейді. Ол кезеңде Арал теңізін Жент теңізі деп атаған. Жанкент тұрғындары осы теңіз маңынан үлкен тұз көзін тауып, Қытай, Иран, Үндістан елдерімен сауда қатынастарын жасаған.

Жанкент қаласы өзінің өмір сүрген уақытында екі рет (1153,1219 жж.) күйрейді.XІV ғ. қайта гүлдене бастайды. Бір ғасыр өткен соң Жанкентің қайнаған өмірі тоқтаған. Жанкент халық аузында жылан жауған қала деп те аталады. Жанкент қаласы, ең бастысы, қазақ мемлекетінің қалыптасуының негізі, қазақ мәдениеті мен өнерінің гүлденген ордасы, сауда-экономикалық қатынастың көрінісі. Жанкент қаласының алғаш рет 1867 ж. орыс ғалымы П.И.Лерх, кеңес уақытында С.П.Толстов зерттеді.

Жанкент қаласы Ұлы Жібек жолының бойында ортағасырларда дамыған қала ретінде, әрі Түркі ұлыстарының орталығы ретінде киелі жерлер қатарына кіреді.

Сілтеме: 1.Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –С. 119-122.

2.Қасиетті Қазақстан.