Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақыр ауылынан оңтүстігіне қарай 30 шақырым қашықтықта Жаңадарияның оң жағалауында орналасқан. Хронологиялық мерзімі:V-XVII ғғ.Бұл – селжүктер династиясының алғашқы көтерілу кезеңінде және хорезм-оғыз қатынастарының тарихында басты рөл атқарған қала.Саудагерлер пайда табу мақсатымен келетін базары болғанын, ХІ ғасырда Арал теңізі Жент теңізі аталып, мұнда Анадолы түріктерінің атасы Селжүк жерленгені айтылған.
Жазба деректерде қаланың оғыз-қыпшақ иелігінде, 1138-1152 жж. қараханидтер билігінде болғандығы жазылған. Ортағасырлық «Худуд әл Алам» атты еңбекте Женттіоғыз қаласы ретінде көрсетеді. 1220 жылы қаланы Моңғол әскері жаулап алған, біраз уақыт Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ордасы болады.
Моңғол шапқыншылығынан кейін Жент қаласы қайта жанданып, Сыр өңіріндегі ірі мәдени-экономикалық орталыққа айналды. Қалада ақша сарайы жұмыс істеп, күміс және мыстан соғылған теңгелер шығарылды. «Моңғол шапқыншылығына дейін Жент үлкен қала болатын.
Сырдария өңірінің үлкен зерттеушісі, этнограф ғалым С.П.Толстов алғаш рет 1946 жылы Жент қаласының орнын көрсетіп, үстіңгі бетінен жинаған деректер бойынша, оның жасын ХІІ-ХVІ ғғ. деп тұжырымдады. Оның пікірінше, ХІІ-ХІІІ ғғ. Жент Хорезм мемлекетінің қаласының бірі болған.
Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:Фолиант, 2017. –125-127 бб.
