АБАЙДЫҢ «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ

АБАЙДЫҢ «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ

Бұл кешен Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Жидебай қонысында орналасқан. Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. 1884 жылы Құнанбайдан мұрагерлікпен қалған Жидебайдағы Абай қыстауы Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне айналды.

Жидебай қонысына Абай қыстақ, мектеп, мешіт тұрғызып, жаңартып отырған. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырған заттар ұлыақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Үйдің кұрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс келбетін сақтаған. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени кешені өзінің тарихи тұлғаларға арналғандығымен ерекшеленеді.

Қазақстан тарихындағы алғаш әдеби-мемориалдық музей болып ашылған ұлы ақынның музейі бүгінгі күні Семей қаласындағы Бас музей кешенінен басқа Шәкәрім, М.Әуезов және Абай шәкірттерінің музейлерін біріктіріп отырған ордалы рухани орда. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ескерткіштері» деген атаумен Абайдың музей үйі, Абай-Шәкәрім кесенелері, Абайдың аналары Ұлжан мен Зеренің мазары, Кеңгірбай би кесенесі, М. Әуезовтің музей үйі, Шәкәрімнің саят қорасы енген.

Сілтеме: 1.Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –397-400-бб.

2.Қасиетті Қазақстан. https://www.youtube.com/watch?v=SBGZX2C4RmY