СЕМЕЙДЕГІ «АЛАШ АРЫСТАРЫ» ҮЙІ

СЕМЕЙДЕГІ «АЛАШ АРЫСТАРЫ» ҮЙІ

Алаш арыстары үйі Қазақстан тарихындағы тұңғыш мұражай. Ол Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында орналасқан. Бұл ХІХ ғасырдың екінші жартысында қос қабатты ағаштан салынған, астыңғы қабаты қызыл кірпіштен қаланған үй.

Бұл үйдің иесі – Әнияр (Әнуар) Молдабайұлы (1856-1934) Шыңғыс болысында дүниеге келген. Оның өмір жолдары М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Данияр Қондыбаев деген атпен берілген. Абайдың талап етуімен Әнияр Ресейде біліп алып, адвокат куәлігін алған соң елге оралады. Алаш зиялыларының бірі болған Ә.Молдабаев 1917 жылы Семей облыстық қазақ комитетінің съезіне қатысып, оған мүше болып сайланған. Үйді Әнияр Молдабаев 1898 жылы 19 қаңтарда көпес Москвиннен сатып алған. Абай және Шәкәрім, Абайдың балалары Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай Семейге келгенде осы үйге тоқтаған. 20-жылдары мұнда Ә.Бөкейханов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов тұрған.

Kazakhstan sacred objects
of whole national importance. – Astana: Foliant,
2017. –456-458-pp.