ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН   «ӨЛІМНЕН ДЕ КҮШТІ» МОНУМЕНТІ
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН «ӨЛІМНЕН ДЕ КҮШТІ» МОНУМЕНТІ
Семей ядролық полигоны – әлемдегі ең қайғылы орындардың бірі. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Семей ядролық полигоны ауданында 456 жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.
423
СЕМЕЙДЕГІ «АЛАШ АРЫСТАРЫ» ҮЙІ
СЕМЕЙДЕГІ «АЛАШ АРЫСТАРЫ» ҮЙІ
Бұл үйдің иесі – Әнияр (Әнуар) Молдабайұлы (1856-1934) Шыңғыс болысында дүниеге келген. Оның өмір жолдары М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Данияр Қондыбаев деген атпен берілген.
430
АБАЙДЫҢ «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ
АБАЙДЫҢ «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ
Жидебай қонысына Абай қыстақ, мектеп, мешіт тұрғызып, жаңартып отырған. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырған заттар ұлыақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Үйдің кұрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс келбетін сақтаған. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени кешені өзінің тарихи тұлғаларға арналғандығымен ерекшеленеді.
366
ЫРҒЫЗБАЙ АТА КЕСЕНЕСІ
ЫРҒЫЗБАЙ АТА КЕСЕНЕСІ
Ырғызбай ата Досқанұлы (1787-1850)– Шығыс өңіріне танымал молда, тәуіп, әулие адам. Абайдың әкесі Құнанбай биді емдеп жазғандығымен атағы елге жайылған. Шөптен дәрілер жасап, адамдарды емдеген, ақы талап етпеген, «Жетім-жесірге беріңдер, менің міндетім бөлек», – дейді екен.
645
АЛАКӨЛ КӨЛІ
АЛАКӨЛ КӨЛІ
Алакөл – емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген.
510
МҰЗТАУ ТАУЫ
МҰЗТАУ ТАУЫ
631
АҚТАС ТАУЫНДАҒЫ ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ
АҚТАС ТАУЫНДАҒЫ ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ
365
ШІЛІКТІ КЕШЕНІ
ШІЛІКТІ КЕШЕНІ
Ескерткіштерді алғаш 1909-1910 жж. гидротехник Г.Н.Бокий, ал 1949-1962 жж. Шілікті қорымдарында профессор С.С.Черников зерттеп және оның қазған №5 қорғаннан 524 алтын зат табылды.
174
БЕРЕЛ КЕШЕНІ
БЕРЕЛ КЕШЕНІ
Берел ескерткішін 1865 ж. В.Радлов, 1959 ж. С.Сорокин зерттеді. 1998 ж. бастап З.Самашев зерттеулер жүргізуде. Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттардың нәтижесінде әлемге әйгілі болды.
83
АҚБАУЫР ТАРИХИ-АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ
АҚБАУЫР ТАРИХИ-АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ
Зерттеушілер мұнда жүйелі астрономиялық байқау өткізілген деген ғалымдардың тұжырымдарын растайды, ал неолит дәуірінің сызбалық петроглифтері пиктографиялық (пиктограмма – шартты суреттермен таңбаланатын ежелгі жазу түрі) хаттардың пайда болуын көрсетеді. Мұнда тас ұңғыларының пішінін қайталайтын руда құймалары, шатқал аумағында үлкенді-кішілі домна пештерінің қалдықтары табылды.
525