СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН   «ӨЛІМНЕН ДЕ КҮШТІ» МОНУМЕНТІ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН «ӨЛІМНЕН ДЕ КҮШТІ» МОНУМЕНТІ

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Түйемойнақ аралында орналасқан.

Семей ядролық полигоны – әлемдегі ең қайғылы орындардың бірі. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Семей ядролық полигоны ауданында 456 жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

«Өлімнен де күшті» монументінің қазақ халқы үшін маңызы зор, себебі ол 1949-1963 жылдар аралығында жасалған ядролық сынақтардың құрбандарын бейнелейді.

1991 жылдың 28 тамызында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Бұл еліміз үшін әлем тарихындағы маңызды оқиға болды. Полигон орнына қойылған мемориалдық ескерткіш бейбітшілікті, соғыстың болмауын, береке мен бірлікті, өткен күннің қаһарлы қасіретін білдіреді.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –461-462-бб.