КЕНЕСАРЫ ХАН ҮҢГІРІ

КЕНЕСАРЫ ХАН ҮҢГІРІ

Кенесары хан үңгірі Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Бурабай көлінен оңтүстік-батысқа қарай 0,5 шақырым жерінде орналасқан. Аңыз бойынша, үңгірді мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841-1847), Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы (1802-1847) казак әскерлерін бақылау үшін пайдаланған.

 

Үңгір Көкшетау қыратының гранитті сілемінің үгілуінен пайда болған және ол аласа шоқының үстінде жатыр. Үңгірге кіре берістегі қуыстың биіктігі 3 метрдей. Ол екі бөліктен тұрады. Оларды бір-бірімен тар қуыс жалғастырады. Екінші бөліктен сыртқа шығатын ауыз бар.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –366-367-бб.