ҚОСБАТЫР-ҚҰМАЙ МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІ

ҚОСБАТЫР-ҚҰМАЙ МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІ

Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Бұйраттау» табиғи ұлттық паркінде орналасқан. Хронологиялық мерзімі:  VІІ-VІІІ ғғ.

«Қосбатыр» археологиялық-этнографиялық кешені Құмай (Ұмай ұғымына синоним) өзені жағасында орналасқан түркі дәуірінің рухани өмірінен сыр шертетін кешен. «Қосбатыр» аталуын, сол қолына қару, және оң қолына ыдыс ұстаған қос балбалдан аңғаруға болады. Тәңір мен Жер-судың тұтастығына сеніп, оларды жер бетінде бейнелейтін құдай деп танылған. Мүсіннің жанында орналасқан үй-ғұрыптық қоршау – киелі шаңырақ, ошақ қасы іспеттес қасиетті. Оны арнайы батырлар қоршап тұрады. Аспан (күн-ерлер бастауы) мен Жерді (ай-әйелдер бастауы) бейнеленіп образдар құралды. Жер-су тәңірі болып есептелді және соның атымен сиынды.

Түркілер әлемді шексіз, уақытты мәңгілік деп ұғынған, олардың өнерінде тәңірдің бейнесі жоқ. Көктен құт дарыған ұлы бабалардың сыйынушылары болса, жердегі амандықтарын өмір сыйлаушы және оны сақтаушысы Ұмай ана қамтамасыз етті. Көктегі құттың қожасы ашина әулетінің өкілі болды. Ол мекен еткен жер қасиетті жер деген атауға ие болды. Бұлар қазақ жеріндегі түрік тайпаларының даму аумағын және аталған аумақтың автохтонды тұрғындары болып табылатын түркілердің мемлекетінің қалыптасу кезеңіндегі рухани сенімді анықтауға мүмкіндік береді.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:Фолиант,  2017. –117-119 бб.