Жоңғар басқыншылығына қарсы аянбай күрескен қазақ қолбасшыларының бірі Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылжар ауылында орналасқан.
Қабанбай (шын есімі Ерасыл) батыр Қожағұлұлы (1692-1770) – қолбасшы, Абылай ханның бас батырларының бірі.Халық оны құрметтеп Қаракерей Қабанбай, Хан батыры деп атады. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында қалың жауға ақбоз атына мініп алып жалғыз өзі атой салған батырды ел Дарабоз деп атап кетті. Қабанбай батыр Қытай жазбаларына1757-1758 жылдардан бастап «қазақтың туму батұлы – яғни бас батыры» ретінде хатқа түсіп, Қазақ хандығының Абылай, Әбілпейізден кейінгі 3-ірі тұлғасы, кейде Абылай, Әбілпейіз, Әбілмәмбеттен кейінгі 4-ірі тұлғасы ретінде аталып отырады.
Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:
Фолиант, 2017. –312-314-бб.
Қасиетті Қазақстан. https://www.youtube.com/watch?v=3QTPtSbW2lA