АБЫЛАЙ ХАН АЛАҢЫ

АБЫЛАЙ ХАН АЛАҢЫ

Абылай хан алаңы – Ақмола облысы, Бурабай ауданы Көкшетау тауының етегінде орналасқан табиғаттың бірегей ескерткіші. 1991 жылы Абылай хан алаңына ұстын орнатылып, «Абылай хан» экспозициялық кешенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын. «Абылай хан алаңында» ашылған мұражайдың аумағы 288 шаршы метр.

АБЫЛАЙ ХАН АЛАҢЫ

XVIII ғасырдың ортасында қазіргі Абылай хан алаңында үш жүздің билері мен игі жақсылары Құрылтай өткізіп, Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. Сонда Абылай тұрып «Тақта өздеріңіз болыңыздар, мен өзімнің сарбаздарыма барамын. Ал мынадай табиғаты көркем жер тек қана ойын-сауық өткізетін орын екен» дейді. Ханның үлкен алаңы «Ханның қызыл ағашы» деген жерде. Бүгінгі Абылай ханның кіші алаңы – жер-жерден келген туристердің көп жиналатын орны. Бұл алаңның ортасында биіктігі 37 метрлік ұстын тұр. Оны ақ мәрмәрдан қарағандылық суретші Ерлан Айтуаров бастаған сәулетшілер салды. Сегіз қырлы монумент дөңгелек ішінде тұр. 

Экспозициялық кешенге үш басты нысан кіреді: Абылай хан құлыптасы, тарих залы және қымызхана. Кешеннің ең танымал нысандарының бірі Абылай ханның тағы болып саналады. Ол табиғи түрде пайда болған ақ түсті гранитті тас. Абылай ханның алаңы ерекше микроклиматымен сипатталатын табиғат ескерткіші болып табылады.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –343-345-бб.