ЕСІК-САҚ ҚОРҒАНДАРЫ

ЕСІК-САҚ ҚОРҒАНДАРЫ

Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Есік қаласының маңында орналасқан. Хронологиялық мерзімі: б.д.д. V-ІV ғғ.

Мұнда Қазақстанның ең әйгілі археологиялық олжасы –«Алтын адам» табылды. Өзінің аса бай мұрасымен таңқалдыратын сақ ханзадасының бұл қабірі біздің заманымызға дейін тоналмай жеткен Орталық Азиядағы бірден-бір жерлеу орны екенімен де аса құнды. «Алтын адам» сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет қалыптасқанын дәлелдейді.

«Алтын адамды» 1969-70 жж. көрнекті ғалым, қазақ археологиясына ізін қалдырған К.А. Ақышев бастаған археологтар тапты. «Алтын адам» табылған жерде «Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» құрылды. Ежелгі тайпалардың сакралды ойларын бейнелейтін «Алтын адамның» салтанат киімін әрлеген әшекейлер мен ескерткіштегі басқа да артефактілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінен орын алды.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:

Фолиант,  2017. –92-94 бб.