КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ

КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ

Көлсай көлдері – Күнгей Алатауы мен Іле Алатауының жоталарын біріктіретін солтүстік Тянь-Шань мен Көлсай аңғарындағы 3 көлдің жүйесі.

Көлсай өзенінің ағымында өзіндік ерекшеліктері бар, көрікті үш көл әртүрлі биіктікте қатар орналасқан: Жоғарғы Көлсай (теңіз деңгейінен 2650 м. жоғары, ұзындығы – 580 м., ені – 190 м.), Ортаңғы Көлсай (теңіз деңгейінен – 2280 м. биіктікте орналасқан, ұзындығы – 1180 м., орташа ені – 298 м.), Төменгі Көлсай (теңіз деңгейінен 1800 м. биіктікте жатыр, ұзындығы – 1520 м., орташа ені – 222 м.).

Қайыңды көлі өзінің пайда болу тарихымен танымал. Ол 1911 жылы қатты жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған, соның барысында аңғар жылжымасы пайда болып, ағашты аңғарды су басты. Көлдің суы салқын (жазда +6 градус шамасында), сондықтан ағаш қылқандары жақсы сақталған, олар судың мөлдірлігінен жақсы көрінеді. Парк аумағында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғарыда өсетін өсімдіктер мен жануарлар, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі.

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында 704 өсімдік түрі кездеседі. Өсімдіктер түрлерінің азайып, сиреп бара жатқан 12 түрі Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға алынған.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017.  –64-65 бб.