ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ КЕСЕНЕСІ

ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ КЕСЕНЕСІ

Исатай батыр кесенесі Ақтөбе облысы Қобда ауданы Шейітсайда орналасқан. Исатай Тайманұлы (1804-1846) – 1836-38 жж. Батыс Қазақстандағы халық көтерілісінің саяси, көсемі, қолбасшы, халық батыры. «Жәңгірдің заманында Бөкейдің елі көшуді кемітіп, отырықшы бола бастады. Әр рудың белгілі қыстауы, жайлауы болды. Жайлағанда, қыстағанда ел 1806 жылдың шегінен аса алмайтын болды. Жазы қолайсыз, не қысы қатты жылдары көршілес нудағы елдермен қазақтың арасына күшті жанжалдар пайда болды. Жұт көбейді. Ел жарлы бола бастады. Жәңгір қазақты қорғамады, қорғауға әлі де келмеді. Еділ-Жайық бойындағы казак-орыстар, Теңіз бойындағы байлар қазақтың меншікті жеріне ауыз салды», – деп жазады Халел Досмұхамедұлы «Аламан» атты кітабының «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мәлімет» атты тарауында.  «Исатай заманы патша өкіметінің қазақты әбден меңгеріп алуға жақындаған заманы». Көтеріліс жаншылып-басылды, бірақ дербес рух өлмей қалды делінген.

Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант,  2017. –349-350-бб.