Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылынан оңтүстік-батыста қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Абат-Байтақ кесенесi ХІV-ХV ғғ. Алтын Орда империясының орнына құрылған Ноғайлы мемлекетiнiң жалғыз ескерткiшi.
Ескерткіш порталды-күмбезді кесене. Тұрқы төрт бұрышты, үстінде 11 қырлы тұғырға шошақ күмбез орнатылған. Сыртқы көлемі- 9,52 х 9,8 м. Кесененің бастапқы биіктігі 16 м. Өңделмеген кірпіштен қаланып, ішкі жағы балшықпен сыланып, сыртқы жағы күйдірілген кірпішпен өрнектеліп қапталған.
Бұл ескерткіш тұңғыш рет П.И. Рычковтың «Орынбор топографиясы» атты еңбегінде келтірілген. Кейін ХІХ ғасырдың аяқ кезінде ғана осы ескерткішті Я.Я. Полферов негізінен аңыз ретінде сипаттаған. Абат батыр – «Қырымның қырық батыры» топтамасына енетін эпостық жыр. Ел аузында аңыз-әңгіме түрінде сақталған жырда Асан қайғының ұлы Абатбатырдың елінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін соғысы, жекпе-жек шайқаста карсыласы Қайбарбатырды өлтіруі жайында әңгімеленеді.
Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –175-177 бб.
Қасиетті Қазақстан.