Мемориалдық кешен Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылында орналасқан. Кесене – қара қыпшақ Қобыланды батыр Тоқтарбайұлына (ХV) арналған. Кесене батырдың жерленген жерінде орнатылған. Қобыланды батыр туралы дереккөздің бірі – қазақ халқының эпостық қаһармандық жырларының бірі – «Қобыланды батыр» жыры. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады.
Қабірдегі қалдықтардың Қобыланды батырға тиесілі екенін анықтап, дәлелдеген ҚР Орталық мемлекеттік антропология зертханасының меңгерушісі Оразақ Исмағұлов болып табылады.
Сілтеме: Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. –Астана:
Фолиант, 2017. –296-297-бб.